Новости

Есірткі, психотропты және прекурсорлар айналымы саласындағы жаңа талаптар талқыланды

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасына қарасты Өңірлік кеңес жанынан Денсаулық сақтау саласы Комитеті құрылған болатын.

Аталған Комитеттің кезекті отырысы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің (бұдан әрі-Департамент), Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының, «Аманат» партиясының, Шымкент қаласының полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, «ДАМУ» Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Сонымен қатар, отырыста Шымкент қаласының фармацевтикалық және медициналық қызметті жүзеге асыратын субъектілердің өкілдері белсенді түрде қатысты.

Отырыс барысында фармацевтикалық және медициналық саласындағы өзекті сұрақтар бойынша талқылау орын алды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамаларына өзгерістер еңгізуіне байланысты есірткі, психотропты және прекурсорлар айналымы саласындағы жаңа талаптар, заңнамалармен бекітілген талаптарды бұзу үшін қарастырылған жаупкершіліктер. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар арасында заңбұзушылықтарды жоюға, алдын алуға бағытталған іс шаралардың жоспарлары талқыланды.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында есірткімен байланысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін және бұл қылмысты террористік әрекетке теңестіруге болатындығын айтқан. Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселесі болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button