Новости

Төтенше жағдайлар басқармасы шомылу маусымында оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында профилактикалық рейд өткізді

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы шомылу маусымында оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шара Сайрам тұрғын алабы Ақтам көшесі бойындағы су арнасы бойында жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау және шомылуға тыйым салынған жерлерге балаларды жібермеу туралы ескертілді. Рейд барысында арнайы көрнекі материалдар таратылды.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тоғыс су қоймасында Холодильник демалыс орнында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып өткізді. Шомылу маусымы кезінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде демалыс аймағының қонақтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз! Алайда, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға байланысты.

Шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа және шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталған болатын. Шымкент қаласының аумағында шомылуға және демалуға арналған 21 орын бар. 5 су айдындарындағы демалыс орындары («Тоңазытқыш», «Рахат Бадам», Қошқарата өзенінің бастауы, Жайлау көл, дендропарк көлі), 18 демалыс орны — аквапарктер, бассейндер. Сонымен қатар, өткен жылы судағы демалыс орындарының иелерімен балаларды жүзуге тегін үйрету бойынша 10 меморандумға жасалды, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар да бар. Шомылу маусымында жүзуге 2000-нан астам бала үйретілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button