Новости

Шымкент: Жазғы шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Шымкент қ. ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында арнайы жұмыс кеңесін өткізді.

Іс-шараға Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердің, Шымкент қаласы аумағындағы бассейндердің басшылары қатысты.

Жазғы шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен түрде жұмыс атқару туралы айтылды.

Жұмыс кеңесі барысында су айдындарыдынғы проблемалық сұрақтар қаралып, су объектілеріне Шымкент қаласының ТЖ департаменті тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы шомылу маусымында оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара Сайрам тұрғын алабы Ақтам көшесі бойындағы су арнасы бойында жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау және шомылуға тыйым салынған жерлерге балаларды жібермеу туралы ескертілді. Рейд барысында арнайы көрнекі материалдар таратылды.

Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тоғыс су қоймасында Холодильник демалыс орнында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып өткізді. Шомылу маусымы кезінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде демалыс аймағының қонақтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз! Алайда, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға байланысты.

Айта кетейік, өткен жылы шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа және шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button