Новости

Бадам өзенінің жағалауларына «Шомылуға тыйым салынады» тақтайшаларын орнатты

Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шомылу маусымы қарсаңында Бадам өзенінің жағалауларына «Шомылуға тыйым салынады» тақтайшаларын орнатты.

Іс-шара барысында жергілікті тұрғындарға су айдындарында шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жолдары жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы шомылу маусымында оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара Сайрам тұрғын алабы Ақтам көшесі бойындағы су арнасы бойында жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау және шомылуға тыйым салынған жерлерге балаларды жібермеу туралы ескертілді. Рейд барысында арнайы көрнекі материалдар таратылды.

Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тоғыс су қоймасында Холодильник демалыс орнында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып өткізді. Шомылу маусымы кезінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде демалыс аймағының қонақтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қ. ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында арнайы жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шараға Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердің, Шымкент қаласы аумағындағы бассейндердің басшылары қатысты.Жазғы шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен түрде жұмыс атқару туралы айтылды. Жұмыс кеңесі барысында су айдындарыдынғы проблемалық сұрақтар қаралып, су объектілеріне Шымкент қаласының ТЖ департаменті тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.

Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз! Алайда, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға байланысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button