Новости

«Біз төтенше жағдайларға дайынбыз ба?» тақырыбында пікірсайыс өтті

№1 мамандандырылған IT лицей-интернатында «Біз төтенше жағдайларға дайынбыз ба?» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Іс-шараны ұйымдастырған Тұран ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері. «Үкімет» және «Оппозиция» фракцияларының мүшелері ТЖ фактілері мен дәйектерді келтіре отырып ТЖМ материалдық-техникалық базасының, мамандарының дайындығына өз бағаларын берді.

Өткізілген пікірсайыста «Үкімет» және «Оппозиция» фракция мүшелерін дайындап, өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетуге ат салысқан лицей-интернаттың басшылары марапатталды. ТЖ департаменті өкілдері дайындық жұмыстарына, оқушылардың жауапкершілігіне ризашылық білдіріп, алғыстарын айтты.

Сайыс соңында екі фракция мүшелеріне алғыс хаттар мен естелікке сыйлықтар табысталды.

Мұндағы басты мақсат, азаматтық қорғау органдарының, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы түсініктерін дамыту, түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік тақырыбындағы түрлі теориялар мен тезистерді дәлелдеу және жоққа шығару қабілетін дамыту. Пікірсайыс қатысушылары өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісіне дайындық, шомылу маусымында судағы қауіпсіздік, сондай-ақ, көміртегі тотығымен уланудың алдын алу тақырыптарын қозғады. Сайыс басталмай тұрып шәкірттерге өрт техникасы таныстырылды. Осы орайда, жас құтқарушылар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін киіп, тілсіз жаумен күресті.

Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көбейгенін байқауға болады. Мысалы, қыс айларында боран, өрт оқиғалары жиі тіркелетін болса, көктем шыға қар суының еруінен пайда  болатын тасқын су жиі орны алып жатады, жазда дала өрті көп тіркелуде. Көп жағдайда бұл климаттың өзгеруі және өзге де себептермен байланыстырылады.Осындай қауіп-қатерді болдырмау мақсатында елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдары жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button