Новости

Шымкентте тәртіп сақшылар «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сабақ өтті

Бала балабақшада болған кезде балаларды жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету ауыр зардаптарды және оның ЖКО-ға түсу мүмкіндігін азайтуы мүмкін. Жолда баланы құтқара алатын жалғыз нәрсе-қызыл түстің тыйым салынған қасиеттеріне деген сенім. 

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында білім ордаларында дәріс өтіп, оқушылардың жол қауіпсіздігі бойынша сауаттарын арттыруға атсалысты.

Мәселен, Жергілікті полиция қызметі басқармасы Жол қозғалысын ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Ғалымжан Тұрсынбеков пен Қаратау АПБ Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция Ғани Жумашев №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ барысында көрнекіліктер пайдаланып, бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережесін егжей-тегжейлі таныстырылды.

«Бала қауіпсіздігі – басты орында. Әрбір баланың мектептен тыс жерде жүргенде жол ережесін сақтау өте маңызды. Осы ретте, оқушыларға көшеде және жолда жүру дағдыларын қатаң сақтап, жол ережесін жіті түсіндірдік. Сонымен қатар, көлік көп өтетін жерде жолды тек белгіленген орындарда және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін ескертіп, жол жүрісі ережелерімен таныстырдық. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қауіпсіздік ережесі бойынша маңызды мағлұматтар алды»,- дейді полиция подполковнигі Ғ.Тұрсынбеков.

Айта өтетін ақпарат, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жобасы ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде қолға алынған. Аталған іс шара Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы мектеп оқушыларын қатыстыра отырып, түрлі сабақтар өткізу арқылы жүзеге асады.

Балалардың жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа байланысты дағдыларын нығайту мақсатында, қала берді оқушылардың оқу жылының басталуы қарсаңында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанын атап өткен жөн. Іс-шара шеңберінде білім беру мекемелерінің аумағындағы жол желісінің жұмыс күйін және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарын зерттеу, ата-аналар мен мұғалімдерге жол қауіпсіздігі бойынша профилактикалық сабақтар, дәрістер өткізу көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button