Новости

Тәртіп сақшылары азаматшаның құжаттарын заң шеңберінде реттеуге көмектесті

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғын төлқұжатын жасату мәселесі бойынша жүгінген.

Тиісінше, тәртіп сақшылары азаматшаның өтінішін жедел қабылдады. Заң талаптарын толығымен түсіндіріп, құжаттарын заң шеңберінде реттеуге көмектесті. Атқарылған тиісті шаралардың нәтижесінде, жаңа үлгідегі төлқұжат рәсімделіп, иесіне табысталды.

Өз кезегінде, қала тұрғыны Махсуда Көшекбаева: «Әл-Фараби АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне төлқұжатымды рәсімдеуге өтініш қалдырған едім. Қызметкерлер сапалы қызмет көрсетіп, жедел түрде төлқұжатымды дайындап берді. Сіздерге алғысымды білдіремін»,-деп ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, көші-қон қызметінің барлық сұрақтары бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 97-63-02, 97-63-13, 97-63-37, 97-63-33, 97-63-01, 97-63-07. Сондай-ақ, Шымкент ҚПД Көші-қон қызметі басқармасының shymkentmigraciya@gmail.com электрондық поштасына өтініштерді жіберуіңізге болады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығына қала тұрғыны алғыс айтып, бейнежазба жолдаған. Онда полиция қызметкерінің жедел әрі сапалы қызметіне риза болып, тәртіп сақшыларының жұмыстарына сәттілік тілепті. «Мен, Нұрбол Манабаев, үйімнің алдында тұрған сатымды ұрлап кеткені туралы арызданған болатынмын. Осы жайт бойынша Тұран АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дастан Таженов жедел түрде әрекет етіп, қылмыстық істі ашып, ұрланған затымды қайтартып берді. Сол себепті, тәртіп сақшысына өз алғысымды білдіремін. Жұмысына табыс тілеймін!» — деп шынайы ризашылығын жеткізді. Айта кетейік, тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым тұрғындарға заң шеңберінде қызмет көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.

Бұдан бөлек, шымкенттік полиция қызметкерлері жыл сайын тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау білдіріп, демеушілік жасап келеді. Биылда бұл дәстүр өз жалғасын тапты. Атап айтсақ, Тұран ауданы Ювеналды полиция мен зорлық-зомбылық тобының қызметкерлері атынан тағы бір ізгі амал жасалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button