Новости

«Бақытты жанұя» орталығында азаматтар құқықтық кеңестер алды

«Бақытты жанұя» орталығында Департаменттің сала мамандарының, сонымен қатар Шымкент қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Рустемованың, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Б.Карабаевтың және адвокаттар, заң кеңесшілерінің қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.

Басқосу барысында азаматтар сала мамандарынан алимент өндіру, жылжымайтын мүлікті бөлісу, азаматтық хал актілерін тіркеу, өз тегін өзгерту, жеке азаматтарды банкрот деп жариялау бойынша құқықтық кеңестер алды.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағуға міндетті. Баларын асырап күтім көрсету тәртібі мен нысанын ата-аналар өз еріктерімен анықтайды. Осы орайда ҚР заңнамасы ата-аналарға өз балаларын тәрбиелеу және асырап күтуге тең дәрежелі құқықтар беріп, міндеттер жүктейді. Ата-аналарының біреуінің кәмелеттік жасқа толмаған және кәмелетік жасқа толған бірақ жиырма бір жасқа дейінгі жалпы орта, техникалық және кәсіби ортатадан кейінгі білім беру, жоғарғы білім беру, жүйелеріндегі күндізгі оқу нысаны бойынша оқып жатқан өз балаларын асырап күту міндетінен қашқақтауы екінші адал ата-ананың біреуінің сот тәртібі бойынша блаларды күтіп қарауға кететін шығыстарды өтеп алуына негіз болады.

Атана-аналар арасында кәмелетке толмаған балаларға алименттерді төлеу бойынша даулардың туындауына байланысты және алименттерді жалақыға немесе басқа да табысына қатысты үлесі бойынша өндіру мүмкін емес, қиындық тудыратын неме тараптардың біреуінің мүддесін елеулі түрде бұзатын  жағдайларда, тараптар сот тәртібі бойынша ай сайынғы өндірілетін алименттердің көлемін нақты ақша көлемінде, немесе қатарынан үлес пен нақты ақша көлемінде анықтап алуларына болады.

Мұндай жағдайларға жалақысы немесе басқа да табысы бір қалыпты емес ауысып тұратын немесе ата-ана жалақыны немесе басқа да табыстың толық мөлшерін немесе бөлігін заттай алатын ата-аналар жатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button