Новости

“Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеттер” тақырыбында сабақ өтілді

Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Облыстық клиникалық аурухана қызметкерлеріне сабақ өткізді.

Сабақта “Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеттер”, “Тұрмыста, жұмыс орнында және адамдар көп шоғырланған орындарда өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау”, “Арнайы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану” тақырыптары қамтылды.

Түсіндіру жұмыстары барысында арнайы дайындалған жаднамалар таратылды.

Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде 

Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында  болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз — олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.

Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.

Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар: ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы;
сынған шынылардың құлауы; үзілген электр сымдары; пәтердегі ауыр заттардың құлауы; өрт.

Жер сілкінісінен кейін:

Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.

Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.
Радиоқабылдағышты қосыңыз.

Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.
Ашық отты пайдаланбаңыз.

Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button