Сандық технология Қазақстандық нарыққа үлкен өзгерістер әкелді

Астана қаласында «2 Side Event: электрондық коммерциядан қағазсыз кеңістікке: цифрландыру сауданы қалай өзгертті» тақырыбында сессия өтті.
Сессияда цифрлы коммерцияның Орталық Азиядағы саудаға қалай әсер еткендігі жайлы айтылды. Шара Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын және Халықаралық сауда орталығы (ITC) іске асыратын Ready4rade Орталық Азия жобасы шеңберінде өтті.
Ready4Trade — 4 жылдық жоба. Оның мақсаты өңірлік және халықаралық сауданы ілгерілету арқылы Орталық Азияның орнықты және инклюзивті экономикалық дамуына үлес қосу.

Сессия барысында ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакала, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев, ДСҰ Бас директорының кеңесшісі Уяма Томочика, Қырғызстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің саяси және экономикалық зерттеулер басқармасының бастығы Алмаз Исманов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов, «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы Әсел Жанасова, Өзбекстанның кедендік брокерлер қауымдастығы, төрағаның орынбасары Энвер Халилов сөз сөйледі.

Шетелдік эксперттердің сөзінше Қазақстан сауда — саттық қарым — қатынасы бойынша көшбасында тұр. Қазақстанда бүгінде цифрлы сауданы дамытуға көптеген әрекеттер жасалып жатқандығын Қайрат Балықбаев атап өтті. 2022 жылдың статистикасына сүйенсек , маркетплейстерді ескергенде электронды сауданың үлесі 12,5% құраған. Егер интернет, жасанды интелект, 3D принтерлердің болуы артық шығындарды азайтса, цифрландыру бірігей тиімді сауда — саттықтың қалыптасуына септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының пошта байланысының Ұлттық операторы Қазпоштаның онлайн саудаға қосқан үлесі жайында төрағасы Әсел Жанасова айтып берді. Қазпошта-алғашқы қазақстандық компаниялардың бірі болып электрондық коммерция қызметтерін көрсету үшін сервистерді дамыта бастады. 2023 жылдың 5 айында 2,5 млн-нан астам сәлемдеме, 600 мыңға жуық жеделдетілген пошта, 160 мыңға жуық ірі жөнелтілім жеткізілген.
«Біз ірі интернет — дүкендермен ынтымақтастықтың арқасында сапаны жақсарту және жеткізу мерзімін қысқартумен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар, АҚШ, Қытай және Еуропаның жетекші маркетплейстерімен байланыстың халықаралық векторын дамытып, халқымызға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Жақында «Keruen Kazpost» жаңа өнімі — интернет-дүкендерден тауарларды жеткізу бойынша виртуалды сервисі іске қосылады. АҚШ, Германия, Италия және Ұлыбританияның онлайн дүкендерінен Қазпошта тікелей жеткізу Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады — деді Әсел Жанасова.
Пандемиядан кейін Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сияқты елдерде цифрлы сауда біршама дамыған. ДСҰ Бас директорының кеңесшісі Уяма Томочика цифрлы қызмет 1 және 2% -ға, ал цифрлы сауда 5 және 6% -ға өскендігін айтты.
Сессияда мамандар цифрландырудың артықшылықтары және бүгінде шешілмеген мәселелер жайында пікір алмасты. Қазақстанда цифрлы сауда дамып жатыр. Дегенмен, бұл сауда түрінен хабары жоқ азаматтар әлі де көп. Сонымен қоса, елде цифрлы теңсіздік те бар. Сессияда аталған мәселелердің алдын алу үшін қандай шараларды қолға алу керектігі талқыланды. Орталық Азия елдері цифрлы саудадағы ынтымақтастықты сақтай отырып, алдағы уақытта ортақ платформаларды, бірегей сауда жүйесін құруды қолға алуға мүдделі екендігін жеткізді.
Манафья Шұғыла



