Новости

Шымкентте полиция итінің көмегімен бір аптада жоғалған екі бала табылды

Абай аудандық полиция басқармасының «102» арнасына 6 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Анасының айтуынша, оқушы қыз сабақтан кейін үйіне қайта оралмаған.

Хабарды алған Ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тез арада көрсетілген мекен-жайға аттанды. Полицейлер көршілерден, мұғалімдерден сұрастырып, мектеп аумағын және бейнебақылау камераларын мұқият тексерді.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары қыздың қоғамдық автобусқа мініп, «Бекжан» базарының аялдамасында түскенін анықтады.

Іздеу жұмыстарына Рекс есімді қызметтік иті бар кинолог-инспектор жұмылдырылды. Ол киім иісінің көмегімен жоғалған жасөспірімді жарты сағаттың ішінде тауып алды. Анықталғандай, қыз анасының ауруханаға баратынын біліп, соңынан еруге бел буған.Табылған бала аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Айта кетейік, бір апта бұрын Рекс жоғалған 2 жасар бүлдіршінді табуға көмектескен болатын. Неміс иті Шымкент қаласы Полиция департаментінде бір жылдан астам қызмет етіп, тәртіп сақшыларының адал көмекшісіне айналған.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жыл сайын тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау білдіріп, демеушілік жасап келеді. Биыл да бұл дәстүр өз жалғасын тапты. Ондағы мақсат — балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастыру.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жалғыз басты ананың үйіне барып, екі қызына қаржылай және тұрмысқа қажетті азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарымен қамтамасыз етті. Әрбір бала бақытты болу үшін жаралған демекші, тәртіп сақшылары отбасындағы бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады. Осылайша тәртіп сақшылары балалардың мерекелік әсерлерін сезіну үшін өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың әрі адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Айта кетейік, дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан өз жалғасын таппақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button