Новости

Нашақорлыққа қарсы күрес — еліңе қосқан үлес

Бейнеконференциялық байланыс режимінде өткізілген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссия отырысында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған профилактикалық іс-шаралардың салтанатты ашылуы өткен болатын. Аталған жиынға республикамыздың барлық өңірлерінен мүдделі мемлекеттік орган және үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер, блогерлер, еріктілер және жанашыр тұрғындар қатысты.

Конференция барысында нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытындағы атқарылған жұмыстар, алдағы уақыттағы басым міндеттер мен жоспарланған іс-шаралар туралы сөз қозғалды.

Атап өту қажет, бүгінде осы айлық іс-шараларды Шымкент қаласында іске асыру мақсатында арнайы жоспар бекітілген. Соған сәйкес, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жалпыға ортақ іс-шараларды кезең-кезеңімен атқару көзделуде.

Іс-шаралар 1 ай бойы, «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні», яғни 26-маусымға дейін жалғасатын болады.

Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарын, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі. Қазақстанның күрделі геосаяси аймақта орналасуы, халықаралық лаңкестіктіктің күшеюі қылмыстың өсуіне кері әсерін тигізуде. Баршамызға белгілі, негізгі себеп болып отырған ортақ мәселе – ол нашақорлықтың алдын-алу және есірткі бизнесіне қарсы күресті жүргізу. Профилактикалық жұмыстарды белсенді жүзеге асыру, нашақорлар санының кемуіне, есірткіге деген сұраныстың азаюына, осы дертке қарсы күрестің басқа да әдістерімен қатар айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндіктер береді.

Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button