Новости

Шымкентте есірткі қылмысына қарсы 60-қа жуық профилактикалық іс-шара өткізілді

Жыл басынан бері Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі профилактикасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жалпы 55 түрлі іс-шара өткізілді.

Оның ішінде, 32 дәріс, 6 семинар, 5 акция, 3 дөңгелек үстел, 2 спорттық шара, 2 қызметтік кездесу, 1 конкурс, және 4 басқа да іс-шара бар.

Аталған профилактикалық шараларға жалпы 2445-тен астам адам қатысты. Оған мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес орган өкілдері, қоғам белсенділері, танымал тұлғалар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, блогерлер мен еріктілер жұмылдырылды.

Олар азаматтарға салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою, халық арасында нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заңда белгіленген жауапкершіліктің ауыртпашылығын түсіндіруге атсалысты.

Атқарылған жұмыстарды ақпараттық кеңістікте насихаттау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарында 25 бейнематериал жарық көрді.

Сонымен қатар, Полиция департаменті басшылығы тарапынан есірткі қылмыстарының жай-күйі мен оның заңдылығы ерекше бақылауға алынып, оның тиімділігін арттыру бойынша қосымша іс-шаралар жүргізілуде.

Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады. Бүгінде қалалық білім ошақтарында түрлі семинар, дәрістермен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенеміз.  Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарын, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button