Новости

Шымкенттік полицейлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қазіргі күнде тұрақты проблемалардың бірі отбасындағы зорлық зомбылық мәселесі. Осы мәселеге қатысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері отбасылық жанжалдың туындау себебін анықтап, профилактикалық шаралар ұйымдастыруда.

Нақтырақ айтсақ, Еңбекші АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Асель Төребай, әкімдік қызметкерлері және Еңбекші аудандық прокуратурамен бірлесіп №68 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Шара барысында жасөспірімдерге тәрбие және заңдылық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылардың жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, оларды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, полицейлер тарапынан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Отбасылық тұрмыстық жанжал туындаған жағдайда тәртіп сақшылары азаматтарға полицияның “102” сымтетігіне хабарласуды ұсынады.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлері қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық- зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке толмағандарға жыныстық, эмоционалды және физиологиялық зорлық-зомбылық көрсетулері проблемаға айналып отыр.

Қазақстанда бұл жағдай ауыр, өйткені балалар мен жастар тәрбиесі үнемі реформалау талаптарымен жүзеге асып отыр, яғни білім беру мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметтері және жас буынның барлық әлеуметтік өмірі өзгеріп отырады. Балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын алу шешімі тәртіп аралық сипатты иеленетін маңызды, әлеуметтік мәні бар және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button