Шымкентте терроризмге қарсы дайындық бойынша іс-шара өтті

Шымкент қалалық білім беру ұйымдарының ғимаратында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК, ТЖД-нің қызметкерлері бірлесіп «Терроризмге жол жоқ» профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Шараның негізгі мақсаты — діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдағы осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптары мен тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, объектілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкес қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандырылғандығы тексерілді.
Айта кетейік, терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстелдер мен оқу-жаттығу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ІІМ-нің нұсқауымен Шымкентте полиция қызметін цифрландыру бойынша бірқатар жаңа қосымшалар қолданысқа енгізілді. Оның ішінде, Шымкент қаласы «Mega Planet» ойын-сауық орталығының алдына алғаш рет Жедел басқару орталығына қосылған «SOS» дабыл түймесі орнатылды.
Мұндағы басты мақсат, мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін бұрынғыдан да нығайтып, кез-келген жағдайда азаматтарға қолжетімді болу. Өз кезегінде, қала аумағында орын алған құқықбұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болған азаматтар «SOS» түймесі арқылы полициямен шұғыл байланысуға мүмкіндік алады.
Бұдан бөлек, тұрғындар ұялы телефонының қуаты сөніп қалса , бағалы мүлкі мен құжаттарын жоғалтып алса немесе өзін жайсыз сезінген жағдайда дабыл батырмасын басу арқылы полицияның көмегіне жүгінеді. Орнатылған құрылғының ерекшелігі — тәртіп сақшылары шұғыл байланысқа шыққан адамның жай-күйі мен оның маңындағы ахуалды бейне-аудио байланыс арқылы толық бақылай алады.
Сондай-ақ, бейнебақылау инспекторлары көмекке арнайы автоэкипаж жолдап, жағдайды дер кезінде реттеуге мүмкіндік бар. Алдағы уақытта, шаһарымызда тағы 25 жаңа дабыл батырмасын іске қосу жоспарлануда.


