Новости

Шымкенттік ерлі-зайыпты полицейлер

Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл сала Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ учаскелік полиция аға инспекторы полиция майоры Бекеев Рысқали Серікұлы мен зайыбы Еңбекші АПБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Тұрсынбек Айсұлу Әшімқызының тағдырын тоғыстырды. Құқық қорғау саласында ерлі-зайыптылардың еңбек өтілі 15 жылдан асады. Бір салада қызмет еткендіктен, қызметтің ауыртпалықтарына түсіністікпен қарайды. Бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасылардың бірі.

«Бүгінде Ювеналды полиция тобында қызмет атқаратындықтан кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу өзіме ұнайды. Себебі, балалармен жұмыс жасау, сөйлесу, оларды жақсы жолға салу жаныма жақын. Дегенмен жайсыз отбасылармен жұмыс істегенде қиналатын кездерім де болады. Полиция қызметкері болғаныммен, мен әйелмін, анамын ғой. Жайсыз отбасыларға барғанда көзіме жас келетін кездер де болады. Ондай кездерде тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын»,- дейді Айсұлу.

Көпке үлгі бола алған жұп, ал, қызметте қырағы, жауапкершіліктің жүгін арқалап жүрген қызметкерлер. Шымкент қаласындағы ерлі-зайыпты полицейлер Рысқали мен Айсұлуға әріптестері де осылай баға береді. Қос майор өз істеріне адалдығымен және нәтижелі еңбектерімен өзгелерге үлгі-өнеге болып келеді. Мінсіз қызметтері үшін бірнеше рет арнайы марапатқа ие болған.

Отбасы-бұл кез-келген адамның өміріндегі басты қолдау, тіпті егер ерлі-зайыптылардың екеуі де ішкі істер органдарында қызмет етсе. Олар мамандықтың барлық қиындықтарын өз бетінше біледі, демек олардың әрқайсысы полиция қызметкерінің жұмысы қаншалықты жауапты екенін жақсы түсінеді. Полиция капитаны Нұрсұлтан Көбейұлы Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы лауазымында қызмет атқарады. Жолдасы Жанерке «Тұран» АПБ Ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы. Екеуі де М.Есболатов атындағы Алматы заң академиясын бітірген. Қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, әріптестеріне үлгі болып жүрген тәртіп сақшылары. Зайыбы екеуі бір ұл тәрбиелеп отырған бақытты жанұя.

Қаратау ауданы Полиция басқармасында ерлі – зайыпты тәртіп сақшылары қызмет етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button