Новости

Шымкент полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Бүгінгі таңда отбасы — тұр­мыстық қатынастар сала­сын­­дағы заңсыз әрекеттер тыйыл­­май келеді және ол бү­кіл қоғамдық өмірдің күнде­лік­ті қалыпты бейнесіне айналғандай. Шымкент ПД жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлары тұрмыстық жағдайларда әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны болдырмау, осы бағытта қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді.

Мәселен, Абай ауданы полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары әкімшілік аумақтың тұрғындары арасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар бағытындағы заңнаманы түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді. Шара барысында полицейлер отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат көрсетілген парақшаларды таратып, осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген әйелдерге құқықтық кеңес берді.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді дағдарыс орталықтарына орналастыруға қажетті көмек көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге ішкі істер органдарында есепте тұратын отбасыларға жүйелі бақылау жүргізеді.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияның көмегіне жүгіне алатыныңызды еске саламыз.

Отбасындағы тұрмыстық зомбылықтар өзекті әлеуметтік мәселе болып табылады. Оны жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай — ӘҚБтК), «Жеке бас­тың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушы­лықтар» туралы 10-тараудағы бірқатар баптарға сай реттеледі.
Атап айтқанда, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясын­дағы құқыққа қарсы әрекеттер ӘҚБтК-нің 73-бабында, ал кодекстің 73-1-бабында денсау­лыққа қасақана жеңіл зиян кел­тіру және 73-2-бабында ұрып соғу үшін жауаптылық көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button