Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйренетін болады

Мегаполисте аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша қазіргі таңда бассейндердің иелерімен 3 меморандум бекітілді.
Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті мен аудан әкімдіктері тарапынан қала тұрғындары арасында су айдындарында қауіпсіздікті сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары үнемі жүргізуде. Қауіпті учаскелерде шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту тақтайшалары орнатылуда.
Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Қазіргі таңда шомылуға рұқсат етілген су айдындарының түбін тазалау бойынша дайындық жұмыстар жүргізілуде.
Департамент Білім басқармасына қарасты 151 мектепте судағы қауіпсіздік ережелері туралы стендтер орналастырды. WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы мектептер мен балабақшалардың «Ата-аналар» топтарына жаднамалар мен бейнероликтер арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында келесі іс-шаралар атқарылады:
1) Төтенше жағдайлар және полиция департаменттері, аудан әкімдіктері қала тұрғындары арасында су айдындарында қауіпсіздікті сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын үнемі жүргізу;
2) аудан әкімдіктері, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы түрлі тақырыптағы тыйым салу тақтайшаларын жасау;
3) Полиция департаменті жалпы су пайдалану кағидаларын бұзуға жол бермеу, сондай-ақ балалардың ересек адамдардың бақылауынсыз су айдындарында болуы туралы түciндipy жұмыстарын жүpгiзyдi ұйымдастыру;
4) Білім басқармасы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ балалардьң су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру;
5) Аудандық әкімдік тарапынан әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен меморандум жасалынады.


