Новости

Мереке қарсаңында өрт сөндіру бөлім басшылары балаларға жылы лебіздерін білдірді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, балаларға қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында.

Мереке қарсаңында Шымкент қаласындағы №2 және №4 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің балаларымен өрт сөндіру бөлімінде кездесу ұйымдастырылды. Ашық аспан аясында алдымен өрт сендіру техникасымен таныстырып, мерекеге орай балалар асфальтта сурет салып, спорттық эстафета ойындары өткізілді.

Іс-шара соңында өрт сөндіру бөлім басшылары балаларға жылы лебіздерін білдіріп, мерекелерімен құттықтап, бүлдіршіндерге сыйлықтарын тарту етті. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күні балаларға арнап арнайы сый дайындайды. Балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал  Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек деп атап өтті.

Қымбатты балалар!

Біздің көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да сендердің жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін! Осынау бақытты балалық шақтарың еліміздің адал азаматы болуға жетелесін. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалып жатыр.

Барлығыңа мықты денсаулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңе тек мейірім мен шапағат ұяласын. Мереке құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button