Новости

Бас құтқарушы-кинолог А. Абенов халықаралық сертификаттың иесі атанды

«Казқұтқару-2023» халықаралық жиын-семинары аясында жедел-құтқару жасағының кинология бөлімшесінің қызметкерлері Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің кинологиялық есептоптарын сертификаттық сынаудың бірінші кезеңіне қатысты.

Сертификаттық сынау кезінде мойынсұнушылық пен ептілік жолағы, табиғи және техногенді ортада зардап шегушіні іздеу тәртіптері бойынша өткен сынақта бас құтқарушы-кинолог А.Абенов өзінің Берта есімді қызметтік итімен жақсы нәтиже көрсетіп, сертификаттаудан өтті.

Сертификаттық сынаудың бірінші кезеңіне бас құтқарушы-кинологА.Абенов халықаралық сертификаттың иесі атанды.

Бұдан бөлек, Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімдігі, мамандандырылған жасақ, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Газ техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері де осы іс-шараға қатысып, Қайтпас-2 шағын ауданының тұрғындары арасында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Үйдегі газ тұтыну жүйесінің заңдылығын түсіндіріп, ВДГОқызметкерлерімен келісімшартқа тұру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар Сырым батыр, Қаламбаев, Алтыбақан, Ибраимов, Молдабеков, Мырзабеков көшесінің тұрғындарына дауыс зорайтқыш құрылғысымен сақтық шаралары ескертілді.

Сондай-ақ, Шымкентте құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жойды. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне халыққа көмек көрсету туралы хабарлама келіп түсті.Әл-Фараби ауданында Жангелдин көшесінің бойында тамырымен бірге ағаш құлады. Ағаш электр сымдарына құлап, өтіп бара жатқан адамдарға және жақын маңдағы көліктерге құлап кету қаупі болды. Оқиға орнына ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барып, арнайы құралдардың көмегімен ағашты кесіп тастады.  Тұрғындарға қауіп жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Ленгер тас жолы №165 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан «Bal Tekstil» ЖШС аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button