Шымкент қаласы ТЖД: Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне ҚТЖ кезекші қызметінен хабарлама келіп түсті. Абай ауданындағы «Игілік» аралығында Игілік-Бадам темір жолының 3266 км. учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бүйіріне аударылғаны туралы хабарланды. Вагондар «Шымкент-Арыс» бағытындағы №2489 жүк поезының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды.
Нәтижесінде әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол төсемінің ішінара зақымдануы орын алды. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді.
Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ ҰК» АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД басшылығы, жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техника шықты.
Сондай-ақ, Абай ауданының ТЖ басқармасы және аудандық әкімшілік бірлесіп «Жасыл Белдеу» орман шаруашылығының аумағында минералды жолақтарды жүргізу бойынша жұмыс атқарды.
Іс-шарада арнайы дайындалған ескерту тақтайшалары орнатылды, минералды жолақ жүргізу кезінде пайдаланылатын техникалардың қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірілді.
Айта кетейік, ТЖД қызметкерлерінің тынымсыз еңбегін көрсету мақсатында фотокөрме арқылы өрт сөндірушілердің қызметіне саяхат жасалды. Өрт сөндіруші және құтқарушылардың қызметін насихаттау мақсатында Шымкент политехникалық колледжінде өрт сөндірушілердің қызметі бейнеленген фотокөрме ұйымдастырылды. Көрме барысында төтенше жағдайларды жою кезінде адам өмірін құтқарып, ерлігі үшін марапатталған мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Б. Дарменов және №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Қ.Балабеков орын алған өрттерді сөндіру барысы туралы фотоматериалдармен таныстырып, тарихы туралы айтып берді.



