«Контрафакт» Республикалық акциясы аясында қонақ үй бизнесі өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

«Контрафакт» Республикалық акциясы аясында қонақ үй бизнесі өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласы «Альтаир» қонақ үй кешенінде дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің мақсаты зияткерлік меншік саласы бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәселелер бойынша консультатциялық көмек көрсету мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Дөңгелек үстел барысында департамент қызметкерлірімен зияткерлік меншік саласындағы заңнаманың ережелері түсіндірілді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
«Контрафакт» республикалық акциясы аясында шығармашылық одақтың өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барасында авторлық құқық объектілерін тіркеудің және қорғаудың маңыздылығы талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан Әділет департаменті қызметкерлеріне қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықтың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы азаматтардың білімін арттыру, қоғамның контрафактілік өнімге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізді.Бүгінгі күні Қазақстанның нарықтық аймағында және де әлемде контрафактілік өнімдердің көлемі өсіп келе жатыр. Біздің қоғам жалған өнімдердің құрбаны болып отыр. Өнімді сатып алушы өзінің қаржысын үнемдеу мақсатында, өнімнің қымбат емес көшірмесін сатып алғысы келеді, бірақ алаяқтар жалған өнімді түпнұсқа деп алдап, оны өз бағасында сатып жібереді. Осындай жағдайлардың алдын алу, өскелең ұрпаққа түсіндіру- біздің міндет болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментімен және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдерімен вебинар өткізілді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының сарапшыларымен іс-шараға қатысушыларға тауар белгілерін, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары мен географиялық көрсеткіштердің құқықтық қорғау мәселелерін ашып түсіндірді.
Қазіргі таңда шығармашылық қызметтің нәтижелері үлкен қарқынмен артып келеді. Олардың барлығы, яғни, ғылым, өнер туындылары, сындарлы-техникалық шешімдер және даралау құралдары – зияткерлік меншік объектілері болып табылады.


