Новости

«Кім адвокат бола алады?» тақырыбында сұхбат

Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің маманы Нуркен Сабыров «ONTUSTIK» радиосының «Бүгінгі күннің өзекті мәселесі» бағдарламасында «Кім адвокат бола алады?» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.

Тікелей эфир барысында аталмыш тақырыпқа қатысты тыңдармандар тарапынан туындаған сауалдарға толыққанды жауаптар берді.

Қазақстанда мынадай азаматтар адвокат бола алады: жоғары заңдық білімі бар; адвокаттар алқасында алты айдан бір жылға дейін тағылымдамадан өткен; әділет аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өткен; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алғандар.

Тікелей эфирде «Адвокатты қалай табу керек?»  деген сұраққа да жауап берді.  «Жеке жұмыс істейтін қорғаушылар болады және олар контораларға бірігеді. Мемлекеттік адвокаттар болмайды. Арнайы жағдайда азаматтарға тегін қызмет істейтін қорғаушылар болады, олардың жұмысын мемлекеттік және муниципалдық органдар төлейді. Егер сіз жұмыс істегіңіз келген адвокат тегін көмек көрсетпейтін болса, оған ақша төлеу керек немесе басқасын іздеуге тура келеді.

Адвокат іздеу кезінде достарыңыздың, таныстарыңыз бен туыстарыңыздан кеңес сұрап көріңіз. Форумдардан, адвокаттар сайттары мен арнайы порталдардан пайдалы ақпарат табуға болады. Әдетте өз сайттарында адвокаттар және адвокаттық кеңселер мақалалары мен жазбаша кеңестерін жариялап отырады. Олар сұрақтарға жауап беретін форумнан табылады»,-деді.

Адвокатқа еңбегін қалай төлеу қажет?-деген сұраққа былай жауап берді.

Адвокат қызметін пайдаланғанда, оған сіздің мүддеңізді пайдаланғаны үшін ақша төлейсіз. Ол құжаттарды дайындап, сотта мәлімдеме жасап, мемлекеттік органдармен байланысады. Егер адвокат сот ісін шешуге көмектессе, оның шығындарын ұтылған жақтан өндіруге болады. Ол үшін құжаттарды дұрыс толтыру қажет. Егер сот бейбіт бітіммен аяқталса, екі жақ адвокат қызметін кім төлейтіндігін өздері шешеді. Сот болмаса, адвокат шығындарын сізден басқа ешкім бермейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button