«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ іс. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді деген бар. Сондықтан бұл індетпен жұмыла күрессек қана жетістікке жететініміз айқын. Шымкент қаласының мамандандырылған Тергеу сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.
Сот әкімшісінің басшысы Г.Себаева өз баяндамасында: «Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты жолы – ашықтық пен жариялылық екенін, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты аландатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені ешкімге құпия емес. Қылмыстың мұндай түрімен қоғам болып күресу мақсатында көптеген іс-шаралар қолға алынып, сонымен қатар сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын- алуға назар аударуда. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік қоғамның дамуына, болашағына кедергі келтіретінін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде алдын — алу шараларының бірі келушілердің бақылау өткізу режимі бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ процестерге қатысушылармен процестік емес байланыстарды болғызбау болып табылатынын» — айтып өтті.
Аға сот приставы Ф.Ганжиев: «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мен жолын кесу республика соттары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын және сот қызметкерлері тарапынан қызметтегі теріс іс-әрекеттер азаматтардың сотқа деген сенімін төмендетеді. Сонымен қатар, сот ғимаратына алкогольдік, есерткілік немесе мас болу белгілері бар адамдарға кіруге жол берілмейтінін және суық қару мен арнайы құралдарды, оқ-дәрілер мен жарылғыш- жанғыш заттарды әкелуге тыйым салынатыны жөнінде ескертілетінін» — атап кетті.
Семинар соңында, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды одан әрі жүргізу бойынша ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.



