Новости

Судьялар қойылған сұрақтарға сот тәжірибесінде кездесетін мысалдарды келтіре отырып, жауап берді

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен мемлекеттік орган өкілдерімен «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында күзетпен ұстауға санкция беру және 2-ші деңгейдегі банк ұйымдарынан мәліметтер мен бейнежазбаларды алу мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.
Іс-шараға алқа төрағасы Б.Дүйсебеков және Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьялары мен жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Мәжілісті ашқан кіріспе сөзінде сот алқасының төрағасы Бәйдібек Сәулебекұлы Тергеу судьясы республика аумағындағы қылмыстық сот ісін жүргізудегі жаңа субъект ретінде бірінші кезекте сот билігін таратушы болып табылады. Ол қылмыстық істі сотқа дейін тергеп-тексеру жүргізу барысында азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуді болдырмауға бағытталған қызметті жүзеге асыратынын және тергеу судьясының қылмыстық-процестік қызметі барлық қылмыстық процесте маңыздылығын айтып өтті.
Сонымен қатар, алқа төрағасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында күзетпен ұстауға санкция беру және 2-ші деңгейдегі банк ұйымдарынан мәліметтер мен бейнежазбаларды алу мәселелерінде назарға алды.
Жиын барысында мәжіліске қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелері талқылауға белсенді қатысып, өзара пікір бөлісті.

Судьялар қойылған сұрақтарға сот тәжірибесінде кездесетін мысалдарды келтіре отырып, жауап берді.

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button