Новости

Жемқорлықпен күрес — ортақ міндет

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес — ортақ міндет» тақырыбында Политехникалық колледж жастармен кездесу өтті.

Мақсаты — профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру.

Кездесуге «Әділдік жолы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының басшысы, заңгер Айжан Кесебаева қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және оны жүзеге асыруға жол бермеу туралы біршама ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, 1424 Call-орталығының азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК студенттеріне діни танымдығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.

Кездесуде Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бекеулов Серік Мәдіханұлы және Жұмаділлә Бексұлтан қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі түрлі діни сурет немесе видеоларды таратпауға шақырды.

Кезекті шара психологтың тәжірибие алмасуымен жалғасты. Бүгінгі таңда Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары қаламызға қарасты білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының жастарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді.

Түрлі семинар-тренингтер, кездесулер мен жеке қабылдау жұмыстарын жүргізіп, арнайы оқу орындарында жиын өткізіп, өзгеде психолог мамандармен тәжірибе алмасуда.

Бүгінгі кезекті психолог — М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің психолог маманы Айзада Толысбай. Айзада — 2 жылдан астам уақыттан бері оқу орнында психолог қызметін атқарып келеді. Ол өзінің осы жылдар ішіндегі практикалық тәжірибесімен бөлісіп, қызметі жөнінде кеңінен сөз етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button