Есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын ұстан» тақырыбында сала қызметкерлерінің қатысуымен «Жоғары медицина колледжі» МКҚК студенттері арасында кездесу өтті.
Мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Карбеков Бауыржан, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира және ШЖҚ Психикалық денсаулық сақтау орталығының Нарколог Шаукенбаева Асем Лесбаева қатысты.
Жиын барысында кәмелетке толмаған жастар арасында белең алған түрлі жат қылықтар мен есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ АИТВ/ЖИТС-тің адам өміріне тигізер кері әсері мен оның алдын алу бағытында сөз етілді.
Келесі кездесу «Салауатты өмір салтын ұстан» тақырыбы аясында Отырар колледжінің жастары арасында өтті. Бұндай кездесулердің мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу блып табылады.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Карбеков Бауыржан және Нарколог Садыкова Майра қатысты.
Шара барысында полиция майоры студенттерге нашақорлықтың зияны, оның адамға әкелер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқтала кетті. Сондай-ақ сала мамандары жастарды есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді.
Жиын соңында қала жастары спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, нашақорлықтан арылту орталықтары, ол үшін қолданылатын заң жобалары жайында ақпаратқа қанық болды.



