Новости

Үшінші мегаполисте «жолда қабылдау» акциясы өтті

Шымкенттік тәртіп сақшылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандарымен бірлесіп азаматтарды «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

Мұндағы мақсат – халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауатын аттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғам мен билік арасындағы байланысты кеңейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін аттыруда аталған шараның басты міндеттеріне жатады.

Осы бағытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері Алматы-Ташкент-Термез тасжолында азаматтарды қабылдап, оларды мазалаған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, тіздіндеушілердің шағым-өтініштерін тыңдап, құқықтық көмек көрсетті. Нәтижесінде, мамандар жолда қабылдау акциясы барысында 20-ға жуық азаматты қабылдап, тиісті қызмет көрсетті.

Шымкент қаласы ПД Жол техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлерімен мегаполистегі автокөлік жолдарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Т.Рысқұлов, Назарбаев, Байтереков, Казиева, Арғынбеков, Б.Момышұлы, Назарбеков көшелеріне жол таңбалары сызылып, жаңартылды. Сондай-ақ, қала тұрғындарының өтінішін назарға ала отырып, Төле би көшесіне жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Бұған қоса, Жібек жолы көшесіндегі жол жүрісін реттейтін құралдар толығымен жуылып тазартылды.

Жол апаты жағдайларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушыларға келеңсіздік тудырмау мақсатында Таскен шағынауданы Бабашұлы көшесіне қиылысатын Орда, Гулдана, Бәйгетөре, Өзекті, Дархан, Бесжалтау көшелеріне ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.1(Басты жол), 2.4 (Жол беріңіз) белгілері орнатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде былай деген болатын: «Бүгінде полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатыр. Пилоттық жобалар қолға алынды. Соның арқасында тұрғындармен тығыз жұмыс жасайтын бөлімшелердің қызметі реттелді.

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын орнықтыру үшін нақты шаралар қабылдануда. Осы қарқынды тоқтатпау керек. Пилоттық жоба аясында қол жеткен жетістікпен шектеліп қалуға болмайды. Ашығын айтқанда, қызмет көрсетудің сервистік моделі туралы тек мамандар ғана айтып жүр. Қарапайым азаматтар мен қоғам өкілдері пікір білдіріп жатқан жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button