Новости

Шымкент қаласы полиция департаменті бөлімшелерінің барлық күші жұмылдырылуының нәтижесінде 4 жасар бала табылды

Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылып, балалар аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Бүлдіршін ата-анасына аман-есен тапсырылды. Өз кезегінде баланың анасы полицейлерге жан-жақты жедел қызмет атқарғаны үшін алғыс айтты.

Негізі оқиға былай болған еді. Абай АПБ-ның 102 арнасына кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әкесінің айтуынша, сағат 13:00 шамасында бала ағасымен бірге достарымен ойнауға аулаға шығып, біраз уақыттан кейін үлкені үйіне жалғыз оралған.

Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткенін ескере отырып, оны іздеуге Шымкент қаласы полиция департаменті бөлімшелерінің барлық күші жұмылдырылды. Баланың жүрген жерін анықтау үшін оның сыртқы келбетін, киімін және фотосуретін сипаттайтын бағдарлар барлық аудандық полиция басқармаларына жіберіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Тәртіп сақшылары көршілерінен сұрап, бейнебақылау камераларын тексерді. Автокөлік экипаждары мен жаяу патрульдер еріктілермен бірге жоғалған бала болуы мүмкін барлық жерлерді тексерді.

Бүгін таңертең сағат 9.20 шамасында 102 арнасына қайырымды азамат хабарласып, Қаратөбе тас жолында іздеу жарияланған хабарламадағы ұлдарға ұқсас 2 баланы кездестіргенін жеткізді.

Патрульдік полиция экипаждары мен жедел уәкілдер шұғыл сол жерге барды.

Балалар аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Бүлдіршін ата-анасына аман-есен тапсырылды. Өз кезегінле баланың анасы өз полицейлерге жан-жақты жедел қызмет атқарғаны үшін алғыс айтты.

Ал, екінші бала Түркістан облысының Мақтаарал ауданында хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екені анықталды.

Бұдан бөлек, Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды. Тәртіп сақшылары ер адамды «Заңсыз келуші» ЖПІШ-нің бірінші күнінде құрықтады. Қазіргі таңда, оны көрші мемлекетке экстрадициялау шаралары жүргізілуде.  Айта кетейік, 19-маусымнан бастап республика көлемінде көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға және оның жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button