Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері «борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған шараға мыңнан астам полиция және Атқарушылық іс жүргізу органдарының 108 қызметкері жұмылдырылды.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп заңмен белгіленген мерзімде төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Әкімшілік практика бөлімінің бастығы Асқар Байтілеуов: » ЖПІШ барысында борышкерлерден 8 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, 140 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды. Сонымен қатар, төлеуден жалтарғандарға төленбеген айыппұлдар туралы 11262 нұсқама қолма — қол берілді», — деді.
Сондай-ақ полиция департаменті ҚР ӘҚБтК-не сәйкес, тұлға айыппұл салынған күннен бастап 7 тәулік ішінде оның 50 пайызын төлеуге құқылы екенін еске салды. Бұған қоса, азаматтар электронды үкімет порталында айыппұлдарын онлайн тексеріп, төлей алады.
Шымкентте «Қорғау» қосымшасы жалған нөмір таққан тағы бір көлікті әшкереледі. Қала аумағында кешенді рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан «Ауди» маркалы автокөлікті анықтады. Құқық бұзушы туралы ақпаратты полицейлердің қызметтік планшетінде орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді. Қосымша арқылы патрульдік полицейлер автомобильдің Республика даңғылында яғни, автоэкипажға жақын маңда жүргені туралы сигнал алды. Тәртіп сақшылары тізгіндеушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның көлік басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған 480 мың теңге өтелмеген айыппұлы бар екені белгілі болды. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі және 612-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.



