Медициналық куәландырудың нәтижесі 24 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын растады

Қаламызда 24 жастағы жүргізушінің көлігінің ішінен қағазға оралған кептіріліп, ұсақталған есірткі өсімдігі және ұнтақталған синтетикалық есірткі салынған 2 дана гриппер-пакет анықталды.
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізу барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Назарбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.
Көлік құралын тізгіндеген ер адамның әрекеті полицейлердің күдігін тудырды. Тексеру барысында көліктің ішінен қағазға оралған кептіріліп, ұсақталған есірткі өсімдігі және ұнтақталған синтетикалық есірткі салынған 2 дана гриппер-пакет анықталды.
Медициналық куәландырудың нәтижесі 24 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын растады. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен хаттама толтырылды. Сәйкесінше, азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.
Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу жайты бойынша Қаратау АПБ-ның анықтаушылары тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізуде.
«Қарасора» ЖПІШ барысында Қаратау АПБ-ның қызметкерлері учаскелік аумақта рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде жергілікті тұрғынның ауласына құрамында есірткі заттары бар өсімдік еккенін анықтады. Жұмыссыз ер адам есік алдындағы бақшасында басқа көкөністермен бірге тыйым салынған өсімдікті өсірген. Тексеру жұмыстары барысында жедел уәкілдер барлығы 500-ге жуық апиын көкнәр түптерін тәркіледі.
Аталған жайт, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркелді. Сот ер адамды кепілмен босатты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді егу және өсіру үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарын, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі.



