Шымкенттік полицейлер есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалтудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша семинар-тренингке қатысты

Шымкенттік полицейлер қаламызға арнайы іссапармен келген нарколог-дәрігерлердің арнайы семинар-тренингіне қатысты.
Жиынның басты мақсаты — есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалтудың жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оны өңірлерде енгізу мәселесі болды.
Оған Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы және «Психикалық денсаулық орталығының» басшылығы, Шымкент қаласының полиция департаментінен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысып, күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша мамандармен пікір алмасты.
Мамандар опиоидты есірткілерге тәуелділерді емдеудің ғылыми негіздерін, құқықтық базасын және нормативтік-құқықтық актілерін, шетелдік тәжірибелер туралы түсіндірді.
Кездесу барысында спикерлерге бұл бойынша белгіленген бағдарламаны іске асыру қажетті тетіктер, оның тиімділігі туралы сұрақтар қойылып, пікірталас ұйымдастырылды.
Айналамызда жазатайым жағдайға ұшырап, не туа бітті мүмкіндігі шектелген болса да өмірге құштар жандар жетерлік. Олар әр сәтін пайдалы өткізгісі келеді, қоғамда белсенді болуды қалайды. Ондай кісілерге қарайсың да сүйсінесің. Ал ақыл-ойы түзу, он екі мүшесі сап-сау бола тұра ессіз есірткіге еріп, болашағына өз қолымен балта шауып жүргендер қаншама. Олар нағыз әлсіздер дер едім. Себебі өзіне зиян екенін біле тұра есірткіге тәуелді болу, одан арыла алмау ерік-жігері жоқ, рухы әлсіз, өзіне сенімсіз адамның ғана ісі. Ал рухы биік жан өміріндегі әр жағдайды саралап, сараптап, тек дұрыс жолды таңдайды. Рухы қайсар, ерік-жігері мықты жан ессіз есірткіге жоламайды. Бұл – есірткісіз өмірге апаратын екінші баспалдақ.



