Новости

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаға көмек көрсетті

Шымкентте тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаға көмек көрсетті. Шымкент қаласы Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, қарқынды жұмыс атқарып келеді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында әртүрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, қарқынды жұмыс атқарып келеді.

Мәселен, Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Бектемисова Гульвира тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаны қабылдады. Әйелге құқықтық көмек көрсетіліп, заңға енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы түсіндірілді.

Келесі кезекте заңнамаға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, ер адаммен отыз күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Бірінші кезекте, отбасы ішіндегі зорлық. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар деп некелі-отбасылық қатынастағы, бірге тұратын немесе бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынасты айтамыз.

Мысалы, әйелі мен күйеуі, бірге тұратындар, ағасы-қарындасы, әкесі-ұлы, әкесі-қызы және тағы сол сияқты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button