Новости

Есіңді білсең – есірткіге жолама!

Қаламыздың полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп студенттермен демалыс алдындағы соңғы кездесулер өткізді.

Мұндай кездесудің басты мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу болып табылады.

Кезекті кездесу Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің ғимаратында өткізілді. Оған Шымкент қаласының полиция департаментінен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.

Ол студенттерге есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқталды. Есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді. Сондай-ақ, өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, жұмысы мен қызметтік міндеттері туралы, студенттерге өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.

Кездесу барысында студенттер спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. Іс-шара соңында колледж студенттері арасында «Нашақор болмаудың 100 себебі» атты пікірталас ұйымдастырылды.  Есірткі қолдану, яғни нашақорлық қоғамымызда белең алып отырған келеңсіз жайттардың бірі. Бүгінгі таңда нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Есірткі қармағына бір ілінсең, торға түскен балықтай қанша бұлқынғаныңмен құтылуың екіталай. Әсіресе, есірткінің жастар өмірін өксітіп, санасын улауында болып түр. Жастарды көктей орып, жуадай солдыратын айықпас кеселге айналды. Жыл сайын есірткінің кесісірінен миллиондаған адамдардың өмірі қиылуда. Қаншама бейкүнә адамдар есірткінің құрығына ілініп, дүние салып, талай ауруларға ұшырауда. Қаншама үміт үзіліп, армандар күйреуде. Есірткі бар жерде есірткі бизнесінің қатар жүретіні белгілі. Бұл,дегеніміз, бүкіл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлық – адамның рухани күйреуі, қоғамнан ажырауы, ерік-күшінің жоғалуы. Сондықтанда біздің ортақ міндетіміз есірткісіз болашаққа бет бұру. Ол үшін бүкіл қоғам болып, немқұрайлыққа салынбай бәріміз бірге күресуіміз керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button