Новости

Шымкент: Заңға қайшы мазмұндағы интернет сайттар бұғатталуда

Есірткіні қолданудан болатын қылмыстар санының өсуіне оны насихаттайтын сайттардың тигізіп жүрген ықпалы мен қоздырғыш күші аз емес екені белгілі. Мұндай мазмұндағы жарнамалардың ауқымын тоқтатудың басты жолдарының бірі — оларды бұғаттау болып табылады.

Соған сәйкес, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұдайы түрде интернет желісінде есірткі заттарын насихаттайтын және жарнамалайтын парақшаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, осы мақсаттағы жұмыстарға кибер-еріктілер құрамы да жұмылдырылған.

Бірлескен жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бүгінгі таңға дейін 55 заңға қайшы мазмұндағы, есірткі заттарын насихаттайтын парақшалар анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілді.

Айта кеткен жөн, көрсетілген парақшаларды жүйеге енгізген соң, оны бұғаттау сатысында арнайы мамандармен оларға саралау жүргізіліп, нақты әрі жеткілікті негіздер болған жағдайда бұғаттауға қорытынды келісім беріледі. Бүгінде тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үстінде.

Бұдан бөлек,  қазіргі таңда қала тұрғындарына белгілі бір банктің қауіпсіздік қызметіненбіз немесе полициядан деп хабарласатын оқиғалар жиі кездесуде. Тіпті, кейбір адамдар сол алаяқтарға алданып, ірі көлемде шығынға ұшырап жататын жайттар болып жатыр.

Осы ретте тұрғындар қитұрқы әрекеттерге алданбай, алаяқтарға жем болмай, сақ болуға шақырамыз.

Интернет-алаяқтардан сақтанудың қарапайым әдістері

— Ешбір жағдайда банк қызметкерлерінің кредиттерді рәсімдеу , мүлікті сату, ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару немесе қарыз алу сияқты нұсқауларын телефон арқылы орындамаңыз. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де ұялы байланыс арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін есте сақтаңыз;

— Ешкімге өзіңіздің жеке деректеріңізді айтпаңыз. Пластикалық карталардағы деректер мен төлем туралы түбіртектерді, құпия сөздер мен пин-кодтарды адамдарға тіпті банк, полиция қызметкерлеріне де бермеңіз;

— Тексерілмеген сайттар мен белгісіз және жеке деректерге сенбеңіз. Онлайн сауда жасау кезінде тауарды алғаннан кейін төлем жасау туралы келісіңіз;

Басқа жаңалықтар

Back to top button