Новости

Джи-джитсудан әлем чемпиондары жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды

#Есірткісізқоғам челленджін қолдаушылар саны артты. Бұл жолы, джи-джитсудан Әлем чемпиондары Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастаған челленджге белсенді қолдау көрсетті.

Оның ішінде, Акбар Елубайұлы, Әбдіқайым Иманғали, Шахмардан Төлеп сынды спорт саңлақтарының бейнежазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

Олар полиция департаментінің ресми парақшаларына бейне үндеу жолдап нашақорлыққа қарсы екенін жеткізіп, жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды.

Джи-джитсудан Әлем чемпиондары Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастаған челленджге белсенді қолдау көрсетіп өз сөздерін төмендегідей жеткізді. Есірткі өлімге әкеліп соғады. Бір жағынан таратушы, жеткізіп берушінің өмірі, екінші жағынан есірткіні пайдаланушының өміріне қауіп төнеді. Есірткінің әсерінен адамның жүйкесін тыныштандыратын әсер алғанымен, есірткінің күші жойылғанда адам өте сезімтал болады, есірткі әсерінен өзін көңілді сезінсе, есеңгіреу аяқталғаннан кейін адам төзгісіз ауруды сезінеді. Есірткінің ең күшті әсер ететіні «Героин» болып табылады. Нашақор 15-30 секунд бойы ләззат алады, содан соң себепсіз қайырымдылық, көңілді күй сезімдерін сезінеді. Нашақорлықтан бұлшықеттері, буындары қатты ауырады, ұйқысыздық пайда болады, осыны жою мақсатында келесі тағы қолдануға тура келеді. Яғни өзінің бойындағы есірткіден кейінгі ауырсынуды жою үшін жиі қолдана бастайды.

Қазіргі уақытта есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерген. Олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалалары толтырып отыр. Менің ойымша, есірткіні ең алғашқыда қолданып көретін адам бір рет қолданамын, көремін, көңіл-күйімді көтеремін, ләззат аламын деген оймен қолданады. Бірақ уақыт өте келе өзінің қалай есірткіге тәуелді болып қолғанын сезбей де қалады. Қарап отырсақ адам айтса сенгісіз, өлімдер мен ауруларға алып келеді. Оған қарамастан қолдану мен сатып алу қарқыны төмендер емес. 15 секундтың ләззат алу үшін,өз өмірін қиятындар қаншама. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында клеи, штрих, лак, жидкость иіскеу секілді, яғни таксикоманияда көптеп туындап отыр. Таксикоманияда нашакорлықтың бір сипаты болып табылады. Зиянды заттарды иіскеу адам ағзасы үшін өте зиянды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button