Синтетикалық есірткі сүліктей сорады

Нарколог-дәрігерлер мен полицейлер синтетикалық есірткінің бағасы арзан, кез келген уақытта қолжетімді, тұтынуға өте қолайлы болғандықтан қоғамда кең таралып жатқанын айтып, дабыл қағуда. Шынында да, бұрын бұл есірткі елімізге дайын өнім ретінде тасымалданатын. Ал қазір есірткі жасаушылар оны өздері шығарады. «Самодельные лаборатории» деген атау күнделікті сөз қолданысымызға еніп кетті. Өзге есірткі емес, осы «синтетика» қазір жасөспірімдердің арасында «танымал» болып отырғаны рас.
Шымкенттен Түркістанға синтетикалық есірткі тасымалдаған 54 жастағы әйел 10 жылға сотталды . Жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау ауданы көшелерінің бірінде есірткі курьерін ұстады. Жедел уәкілдер әйелден белгісіз зат салынған 40 полиэтилен пакетін тәркіледі. Кейін сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені анықталды.
Тергеу барысында 1969 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны Telegram арнасы арқылы жұмыс іздегені белгілі болды. Нәтижесінде ол интернетте оңай әрі жылдам ақша табуды ұсынған белгісіз біреумен танысады. Төрт ай бойы ауыл тұрғыны Түркістан қаласына есірткі тасымалдаумен және қойып кетумен айналысқан. Ол Telegram арқылы берілген нұсқауды орындап, жұмыс ақысын электронды түрде алып отырған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша жүргізілді.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот 54 жастағы әйелді 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.
«Қарасора» ЖПІШ барысында Қаратау АПБ-ның қызметкерлері учаскелік аумақта рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде жергілікті тұрғынның ауласына құрамында есірткі заттары бар өсімдік екенін анықтады. Жұмыссыз ер адам есік алдындағы бақшасында басқа көкөністермен бірге тыйым салынған өсімдікті өсірген. Тексеру жұмыстары барысында жедел уәкілдер барлығы 500-ге жуық апиын көкнәр түптерін тәркіледі.



