Новости

Жастарды есірткіге қарсы қою бойынша жұмыстар жалғасуда

Қазір интернет техноло­гиялардың дамуына және синтетикалық есірткілерге сұ­раныстың тым артуына бай­ланысты есірткі саудасы түрлене түсуде. Бұл бір жағы­нан есірткінің заңсыз айна­лымында жаңадан психобел­сенді заттардың пайда бо­луы­мен де тығыз байланысты.

Шымкенттік полицейлер студенттік жастармен жұмыс жүргізіп, оларды есірткіге қарсы қою бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Осы мақсаттағы кезекті іс-шара М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде жалғасты.

Оған қатысқан Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.

Сөз соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты. Олардың сөзінше, есірткі өнімі естен тандырып барады. Әсіресе  жастардың санасын улап, қоғам үшін үлкен қауіпке айналған кеселмен күресу оңай болып тұрған жоқ. Бизнестің қайнар  көзіне  айналған  бұл   өнімді  таратушылар  жас  талғамайтын  болған. Тұтынушыны естен тандырып, жадыны улайтын есірткінің алуан түрі бар.  Оны саудалаушылар  түрлі айла тәсілге көшкен. Кейінгі жылдарда ғаламтор желілеріне жарнамалап, таратушылар қатары көбейген. Құрамында есірткі  бар өнімді өсіріп сатушылар да тыйылмай тұр. «Марихуана», «Гашиш», «Синтетика», «Қара сора» атауы бар зиянды өнімдер қазір айналымда жүр.

Осыдан екі-үш жыл бұрын жастар арасында насыбай атушылардың және электронды шылым шегушілердің көбейгенін ақпарат құралдары айтып, дабыл қаққан болатын. Ал есірткімен күрес сонау кеңестік кезеңнен бері  жалғасып келеді. «Апиын алтыннан да қымбат» деген көркем фильм совет одағында жарық көріп, апиын тасымалдаушылар мен кеңестік милицияның қалай күрескені туралы баяндалған киноны бала кезімізде көріп өскенбіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button