Новости

Әкімшілік құқық бұзған 36 жекеменшік автокөлік жуу орнына хаттама толтырылды

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының хаттары негізінде Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан  36 автожуу иелеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Аталған автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды:

-құрылысты жобалық құжаттамасыз салу (ҚР ӘҚБтК 316-бабы);

-құрылысты авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізу (ҚР ӘҚБтК 321-бабы);

-құрылысты құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарламаны ұсынбай жүргізу (ҚР ӘҚБтК 463-бабы).

2022 жылдан бері Басқарма тарапынан  сот органдарына автокөлік жуу орындарына қатысты 14 талап-арыз жіберілді, оның ішінде мәжбүрлеп бұзу туралы 12 талап-арыз;

— Заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдау актісі рәсімделгенге дейін нысандарды пайдалануды тоқтату туралы 2 талап-арыз берілген.

Заңсыз автокөлік жуу орындары қаланың инженерлік коммуникация жүйелеріне шамадан тыс жүктеме артады. Заңсыз автокөлік жуу құрылыс нысандары Шымкент қаласының сәулеттік келбетін бұзады және қаланың инженерлік коммуникация жүйелеріне шамадан тыс жүктеме артады.

Сонымен қатар, жобалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізілген автокөлік жуу орындары пайдалану кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Қазіргі уақытта қала аумағындағы 5 автожуу иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды.

Құрылыс салушыларды рұқсат құжаттарын алудан бастап, жұмыс жобасын дайындау, пайдалануға қабылдау актісіне дейінгі құрылыс процесіне қойылатын барлық  талаптарды орындауға шақырамыз.

Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда Заң талаптарына сәйкес, құрылыс салушыларға әкімшілік шаралар қолданылып, сот органдарына мәжбүрлеп бұзуға талап-арыздар жолданатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button