Новости

Орман-дала шаруашылықтарын қорғау мақсатында бейімделген техника және өрт сөндіру құралдары дайындыққа келтірілген

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 6 мың 286 га, оның ішінде орманды аймақ  5 мың 053 га, жабылмаған аймақ 1 мың 233 га құрайды.

Орман қорын қорғау мақсатында осы екі шаруашылықтың балансында, жалпы 22 бірлік бейімделген техника және 186 өрт сөндіру құралдары мен 14 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен адам құрамы дайындыққа келтірілген.

Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен көліктерге тиесілі. Жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағында 62 өрт тіркелді. Материалдық шығын 124 млн 952 мың теңгені құрады. Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен көлік өрттеріне тиесілі. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 412 жану жағдайлары орын алып, оның ішінде 125 құрғақ шөп және 77 қоқыс жанған.

Орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің бірлескен жоспары негізінде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету  жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп бекітілді.

Сонымен қатар, жоспарлы іс – шараларды өткізу шеңберінде ағымдағы жылдың 7 сәуірінде қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында маңызды сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.  28 сәуірде барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адамнан құралған  жеке құрам дайындыққа келтірілген. Бүгінгі таңда, ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button