Новости

Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен көліктерге тиесілі

Жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағында 62 өрт тіркелді. Материалдық шығын 124 млн 952 мың теңгені құрады. Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен көлік өрттеріне тиесілі.

Сонымен қатар, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 412 жану жағдайлары орын алып, оның ішінде 125 құрғақ шөп және 77 қоқыс жанған.

Өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің бірлескен жоспары негізінде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету  жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп бекітілді. Сонымен қатар, жоспарлы іс – шараларды өткізу шеңберінде ағымдағы жылдың 7 сәуірінде қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында маңызды сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді. 28 сәуірде барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бүгінгі таңда, ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде.

Табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында 405 адамды құрайтын 42 ерікті өртке қарсы топтар құрылып, дала өрттерін сөндіруге арналған арнайы қол құралдарымен  қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.

Күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Сондай-ақ,  бұқаралық ақпарат құралдарында үгіттеу шарасы да белсенді түрде жүргізілуде. Атап айтқанда:  бүгінгі таңға 158 үгіттеу шарасы жүргізілді, оның ішінде радиода 83 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 30 мақала, теледидарда 23 сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерде 22 сөз сөйлеу мен 42 рейдтік іс-шара жүргізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button