«Бизнеске жол» жобасы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды

Бизнесті қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылған. Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 2023 жылдың басында Агенттікпен «Бизнеске жол» жобасы бастау алды.
Жобаның негізгі міндеті бизнес ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы кәсіпкерлерге көмек көрсету болып табылады.
Бизнесті қорғау бойынша жүйелі жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілуде.
— бұл бизнестің адалдығына ықпал ететін тұжырымдамалық шаралар;
— кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғау тетіктерін енгізу;
— кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою.
«Бизнеске жол» жобасы аясында 700-ден астам кәсіпкердің мәселелері оң шешімін тапты. «Бизнеске жол» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар қаланың өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста жүргізілуде.
Антикор Орталығы алаңында кәсіпкерлерді күнделікті қабылдау практикасы енгізілді. Нәтижесінде 2600-ден астам (2610) бизнес өкілінің қатысуымен 54 кездесу өткізілді. Жоба аясында 700-ден астам кәсіпкердің мәселелері оң шешімін тапты. Негізінен бизнестің дамуына мемлекеттік органдар жасаған кемшіліктер мен әуре-сарсаңдар кедергі келтіреді. Мемлекеттік қызметшілер қолданыстағы нормалар мен ережелерді сақтамай, шешім қабылдау кезінде жасанды түрде кедергі туғызатын фактілер бар.
Шағын және орта бизнестің жүйелі мәселелерін анықтау бағытындағы жұмыс күшейтілді. Бүгінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жемқорлыққа қарсы мониторинг құралдарын пайдалана отырып шағын және орта бизнестің жүйелі проблемаларын анықтау бойынша жұмыс күшейтілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында білім басқармасының бұйрығы негізінде 506 мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің қызметіне мониторинг түріндегі тексерулер жүйелі түрде жүргізілгені анықталды. Сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды болдырмау мақсатында Департаменттің бастамасы бойынша бейінді басқарманың барлық бұйрықтарының күші жойылып, мемлекеттік тапсырыс бойынша шарттар қайта қаралды.



