Новости

Шымкенттік өрт сөндіруші чемпион атанды

Тілсіз жаудан бірнеше рет адам өмірін құтқарып қалып, үздік екендігін дәлелдеген өрт сөндіруші — Шухратжан Мусаматович Халметов чемпион атнды. 2023 жылғы Қырғыстан Республикасы Бишкек қаласында пауэрлифтингтен, яғни ауыр атлетикадан ашық чемпионат өткізілді. Аталған чемпионатқа 20 шақты елден спортшылар қатысты.

Бұл жарысқа Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Шухратжан Мусаматович Халметов та қатысып, тартысты сайыста біздің өрт сөндіруші қатаң түрде бицепсті көтеру бойынша 90 кг дейінгі салмақта ол 1-ші орынды иеленді. Біз Шухратжон Мусаматовичті жеңісімен құттықтаймыз!

Азаматтық қорғау сержанты Шухратжон Мусаматович Халметов азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдан бері қызмет атқарады.

Шухратжан Мусаматович Халметов жастайынан спортты өзіне серік еткен. Қазіргі таңда «Қол күрес» және «Гір тасын» көтеру бойынша спорт шебері. Бұл спорт түрлерімен 2005 жылдан бері айналысады. Әлі күнге дейін өрт сөндіруші және құтқарушылар арасында «Қол күрес» және «Гір тасын» көтеруден өткізіліп жүрген жарыстардың алғы шебінде.

Сондай-ақ өз қызметінде де тілсіз жаудан бірнеше рет адам өмірін құтқарып қалып, үздік екендігін дәлелдеген өрт сөндіруші. Атап айтар болсақ: 2019 жылы Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде орын алған кезінде барлау барысында төртінші қабатқа көтерілгенде пәтердің бірінде түтінге уланып, қалып қойған 2014 жылы туылған қызды қауіпсіз жерге шығарып, өмірін аман алып қалды. Сондай-ақ 2022 жылғы Нұрсәт шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орын алған өрт кезінде 1980 жылы туған ы ер азаматтық тауып алып, сыртқа қауіпсіз жерге алып шығып, оған алғашқы көмек көрсетіп, «103» қызметкерлеріне табыстайды.

Осындай жан-жақты, өзінің қызметтік міндетіне адал жастарымыз барда еліміздің болашағы жарқын екендігіне сенімдіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button