Тұран ауданы төтенше жағдайлар басқармасы кезекті сенбілік профилактикалық рейд өткізді

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы кезекті сенбілік профилактикалық рейд өткізді.
Іс-шараға Тұран ауданы әкімшілігінің қызметкерлері және «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенді жастары қатысты.
Рейд аудан аумағында орналасқан «Ақжар» су қоймасының бойында жүргізіліп, қала тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында арнайы даярланған жадынама парақтары таратылды.Сондай-ақ судағы қауіпсіздік шаралары туралы мағлұмат берілді.
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
— Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
— Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
— Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
— Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
- Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
— егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
— Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
— Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
— Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.
- Су иірімінен шығудың тәсілдері
— Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
— Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.
— Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.



