Күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді

Үшінші мегаполисте болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында жалпы 42 ерікті өрт сөндіру топтары құрылып, құрамында 405 адам дайындыққа келтірілді және бейімделген қосалқы техникалары мен арнайы қол құралдарымен қамтамасыз етілген. ТЖ департаментінде 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілді.
Қала аумағында жыл басынан бері 62 өрт тіркелді, материалдық шығын 124 млн 952 мың теңгені құрады. Өрттің салдарынан 8 адам қаза болған, жарақат алғандар жоқ. Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен 33% көлік өрттеріне тиесілі. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 412 жану жағдайлары орын алып, оның ішінде 125 құрғақ шөп және 77 қоқыс жанған.
Бас спикер Казгидрометпен ұсынылған болжамына сәйкес алдағы уақытта ауарайының +30 градустан аса көтерілетініне назар аударды. Осы ретте «101», «112» қызметіне құрғақ шөптің немесе қоқыстың жануы туралы күніне 20-30 қоңыраудың келіп түседі және құрғақ шөптің жануы жақын маңайда тұрған ғимараттарға өрт қауіпін төндіруі жоғары екенін нақтылады. Мысалы, ағымдағы жылы 30 мамырда жанған құрғақ шөптің салдары Жеке кәсіпкер Шариповқа қарасты қойма ғимаратына өтіп, 300 мың теңге көлемінде материалдық шығынға алып келді.
Осыған орай, 2023 жылғы өрт қауіпті маусымда Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою іс шаралар жоспарына сәйкес Шымкент қаласының әкімі аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.
Жазда өрт қауіпсіздігі сияқты мәселе әр адам үшін маңызды. Жаздың ыстық күндері табиғатта және тұрғын үйлерде өрттің пайда болу ықтималдығы артып, адамдарға өз іс-әрекеттеріне ұқыптылық бойынша қосымша талаптар қояды. Қарапайым абайсыздық ауыр зардаптарға, гектар аумақты алып жатқан орман өрттеріне, жабайы жануарлар мен азаматтардың өліміне әкеледі.
Табиғатта демалу, шыны қалдықтары немесе шыны заттар (күн сәулесіне арналған линза ретінде жұмыс істейді), толықтай өшпеген от, құрғақ шөпке тасталған темекі тұқылы – бұл апаттар мен проблемалардың себебі болып табылады.
Көктемгі-жазғы уақыттағы жүріс-тұрыс ережелеріне сүйене отырып, өзіңізді, айналаңыздағы адамдар мен табиғатты қиындықтардан құтқарасыз.



