Төтенше жағдайлар департаментінде суицидтің алдын алу жөнінде «Дөңгелек үстел» өтті

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде суицидтің алдын алу жөнінде «Дөңгелек үстел» өтті.
Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологы Икрам Сатыбалдыұлы Айтаев, «Психикалық денсаулық орталығының» психиатры Гульчехра Бахадыровна Атажанова, «Айтбай ата» мешітінің имамы Есәлі Жәнібекұлы Тәжібаев қонаққа шақырылды.
Іс-шарада мамандар суицидтің – қазіргі қоғамда жеткіншектер мен ересектер арасында белең алып отырған дерт екендігін айта отырып, оған итермелейтін жағдайларға да тоқталды. Сонымен қатар, отбасындағы ерлі-зайыбтылар мен ата-ана мен бала арасындағы салауатты қарым-қатынас орнатуға, балаға көбірек көңіл бөліп, ашық сөйлесуге аса мән беру қажеттігі атап көрсетілді.
Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Өмір оны аялауға тұрарлықтай үлкен сый екендігі жөніндегі мақаламды психолог маманы ретінде қоғамымыздың әлеуметтік-психологиялық мәселесіне айналған – суицид тақырыбында өрбітпекпін.
Қазіргі таңда көптеген адамдардың күйзеліске ұшырауы, дағдарысқа түсуі, өмір сүру мағынасын жоғалтып, әлеуметтік – психологиялық жай-күйінің қиындауынан және де бірқатар себептерден туындаған шешілмес мәселелер әсер етіп (жұмыссыздық, ақша қаражатының жетіспеуі, науқастану және мүгедектік және т. б.) өз-өзіне қол жұмсауға әкеп соқтырады.
Бір адам күніне кем дегенде таныс, бейтаныс 500 адаммен байланысады. Оған әлеуметтік желідегі коммуникацияны қосыңыз, бас-аяғы 700 адам туралы ойланып, жартысынан көбін көріп, ширегімен сөйлеседі. Яғни 700 адам, 700 тағдыр. Бұл тағдырлардың сан қилы өрбейтіні анық. Алайда жалпыға ортақ бір ұғым бар. Ол – барлығының да тағдыр жолында қиын сәттер мен қуанышты жағдайлар қатар жүретіндігі. Тек әр адам ол құбылысты әрқалай қабылдайды. Бірі қиындыққа тура қараса, екінші біреулер әлсіздік танытып, күйзеліске түсіп кетеді. Кей уақытта мәселені қабылдау процесі қайғылы жағдаймен де аяқталып жатады.
Өз бойындағы күйзелісті жеңу, қайғы-қасіретін жеңілдету секілді мәселелердің шешімін кейбір адамдар ішімдік ішіп, есірткі пайдаланып, әртүрлі құмар ойындар ойнайдарынан іздеп жатады немесе өз өмірлеріне зиян келтіреді.



