Сот қызметкерлерінің қатысуымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өтті

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д.Сайханов, сот қызметкерлерінің қатысуымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар сабақтың негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру. Сонымен қатар, осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы семинарға қатысушыларға айтып жеткізу.
Төраға өз баяндамасында, гендерлік саясат — бұл ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынастарын айқындайтынын атап өтті.
Гендерлік теңдік әйелдердің құқығымен және мемлекеттің экономикалық дамуымен байланысты екендігін айтты. Соның ішінде ерлер мен әйелдер арасында нақты теңдікті қамтамасыз ету екендігіне тоқталды.
Шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.
Еліміз гендерлік саясатты іске асыруда біршама жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдарға (Бейжің тұғырнамасы), әйелдерге қатысты кемсітушіліктерге жол бермеуге, әйелдерді саяси құқығын қорғау мәселелеріне қатысты қабылданған бірқатар халықаралық актіні ратификациялады. 2015 жылғы қыркүйекте Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласындағы мақсаттарын іске асыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдады, ондағы 17 мақсаттың 12-сі қоғамда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді көздейді. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйел, қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту негізгі мақсаттардың бірі ретінде көрсетілген. Ол жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысанын жоюға және қыздар мен әйелдер үшін мүмкіндіктер мен қарым-қатынастың теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Елімізде, қоғамның барлық саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында жоғары мемлекеттік деңгейдегі гендерлік саясат институты – Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, жұмыс істеп келеді.



