Зейнеткерлерге құқықтық кеңестер берілді

Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі-филиалының басшысы М.Мұхтаров және Департамент мамандарының, сондай-ақ «Zangerler Palatasi»-ның заң консультанттары А.Мырзагалиева, А.Ақылбековалардың қатысуымен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында қызмет алушыларға «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Басқосу барысында қызмет алушыларға сала мамандары тарапынан борышкерден берешек өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құқықтық кеңестер берілді.
Шымкент қаласы Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясы бірлесіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Ботан және Департамент мамандары, сондай-ақ Шымкент қалалық прокуратурасының, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, адвокаттар, нотариустар және заң кеңесшілері қатысты.
Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген азаматтар тұрғын үй алу, жер телімдерін заңдастыру, жылжымайтын мүліктер және азаматтық хал актілерін тіркеу, алимент өндіру, мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.