Новости

Пробация есебіндегі жастарға семинар-тренинг ұйымдастырылды

Жыл басынан бері Жастар ресурстық орталығының психологтары 160 жуық азаматқа психологиялық көмек көрсеткен.

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі болып табылады.

Қазіргі таңда 35 жасқа дейін 765 азамат сотталғандар есебінде тұр. Оның ішінде – 97 жас жұмыссыз болса, жұмыспен қамтылғандар саны – 585. Сондай-ақ пробация жастары арасында мектептен кейінгі оқу орындарын аяқтамаған жастарда бар. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған – 71 жас бар.

Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел. Елімізде түзету мекемелерінен шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Пробация» әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету орталығында «Жаңа өмір» жобасы аясында оқыту семинары өтті.

Мақсаты — жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, өзге де әлеуметтік-құқықтар мен психологиялық көмек беру.

«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай Өмірзаққызы, «Право» қоғамдық қорының медиаторы Байсерикова Динара Журсинбекова, «Право» қоғамдық қорының психолог маманы Қарабек Нұргүл Файзуллақызы, М. Әуезов университетінің «Тарих және педагогика» факультеті «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының магистр оқытушысы психолог маманы Алдиев Ахатбай Айтпенұлы қатысып, сала бағыттары бойынша пробация есебіндегі жастарға кеңес берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button