Діни танымдықты арттыру бағытында кездесу өтті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет студенттері арасында жастардың діни танымдығын арттыру бағытында сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Кездесуде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен қоғамға тигізер залал-зиянын жеткізді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі дінге байланысты түрлі видео, суреттерді өзгелермен бөліспеуге шақырды.
Сондай-ақ, Қаратау ауданында жастарға психологиялық кеңес берілді. Бүгін жастар ресурстық орталығының психологтарының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары арасында «Жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг өтті. Семинар мақсаты — жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету арқылы өз бойында сенімділікті қалыптастыру және түрлі психологиялық құбылыстардың алдын-алу.
Проблема ретінде жастар арасында кезігетін тұлғалық ерекшеліктер, қарым-қатынас жасау дағдыларының жеткіліксіз болуы, тұйықтық секілді түрлі жағдаяттардың шешімі қаралып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинар-тренинг соңында жастарға тақырып аясында арт-терапиялық ойындар ойнатылып, кері байланыс орнатылды.
Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Мобильді топ” “Қырғы” базарында мемлекеттік бағдарламалар мен «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік бағдарламалар: “Жастар практикасы”, “Алғашқы бос жұмыс орны жөнінде түсіндірілді.



